Аймақта игерілмеген мыңдаған жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Атырау облысында кәсіпкерлер кадастрлық құны 619 млн теңгеден асатын аумағы 2182 га құрайтын 78 жер учаскесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талдау нәтижесінде облыс аумағында кәсіпкерлік,тұрғын үй және өзге де мақсаттар үшін уақытша өтеулі берілген бірқатар жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталды.
Сонымен қатар жер учаскелерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтату және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдады. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның бақылауында», – делінген прокуратураның хабарламасында.