Бүгін қос палата үшін соңғы отырыс болмақ
Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент палаталарының кезекті бірлескен отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жиынның еліміздің саяси тарихында орны ерекше. Себебі 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның өз күшіне енуіне байланысты, бұл отырыс қазіргі қос палаталы Парламенттің тарихындағы соңғы жиын ретінде тіркелмек. Ендігі кезекте Парламенттің құқықтық мұрагері ретінде жаңадан жасақталатын Құрылтай қызметіне көшу жоспарланған.
Отырыс барысында президент осы уақытқа дейін атқарылған ауқымды жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерді айқындайды.