Синоптиктер елдің бірқатар өңірінде қатты ыстық сақталатынын ескертіп, тұрғындарға сақ болуға кеңес берді
28 маусымда Қазақстанда жазғы аптап ыстық сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі. Өңірлердің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы +30 градустан жоғары болады. Солтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +20...+22 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +23...+25 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +33...+35 градус.
Астанада құбылмалы бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +23...+25 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +33...+35 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +29...+31 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +32...+34 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +23...+25 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +36...+38 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +39...+41 градус.
Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +20...+22 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +31...+33 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +37...+39 градус.