Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
«Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді», – делінген Ақорданың хабарламасында.