25 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 485,4 теңгені құрап, 1,49 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 25 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 487,02 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 485,19 теңге болса, сату бағамы – 487,06 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 482 теңгеден сатып алып, 489 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкент қаласында америкалық валютаны сатып алу бағамы орта есеппен 485,26 теңгені, сату бағамы 487,3 теңгені құрайды.