Ол ұйым қомақты қаржы бөлгені жайлы ақпарат айтты
Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер Илон Маск COVID-19 вирусының таралуына АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) бөлген қаржы себеп болғанын алға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол X әлеуметтік желісіндегі бір қолданушының «USAID Ухань вирусология институтына 53 миллион доллар бөлген» деген жазбасына қатысты осындай пікір білдірді.
«COVID-19-дың пайда болуында USAID-тің демеушілігі негізгі рөл атқарды», – деп жазды Маск өз парақшасында.