«Әкем зорлады»: желіде ауыр мәлімдеме жасаған блогер Жұлдыз Жауынбаеваның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Полиция тексеріс жүргізеді

Фото: Instagram/ juzzefina244

Әлеуметтік желілерде атышулы блогер Жұлдыз Жауынбаеваға (лақап аты – Жузефина) қатысты бейнематериалдар таралып жатыр. Онда ол әкесінің бала күнінде өзін зорлағаны жайлы атқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тікелей эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді. Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ, олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері араласпайтынын хабарлаған. Тараптардың барлық уәжі тексеріледі», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Сонымен қатар, ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Осыған байланысты блогер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады.

Полиция мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Кез келген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер құқықтық бағалауға жатады және олар үшін әкімшілік те, қылмыстық заңнамада да көзделген жауапкершілік қарастырылған.