Ақтөбеде караоке-клуб өртеніп кетті: мекеме қызметкерлері сыртқа шығып үлгерген

Автор: Асыл Арман

Өрт екінші қабаттағы бөлме мен ғимараттың шатырына таралған

Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе қаласында Сәңкібай батыр даңғылы бойында орналасқан екі қабатты караоке-клуб ғимараты өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт екінші қабаттағы бөлме мен ғимараттың шатырына таралған.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мекеменің 7 қызметкері өздігінен сыртқа шыққан. Оқиға кезінде ғимаратта келушілер болмаған.

«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.