Шымкенттік полицейлер «BizBirgemiz» акциясына атсалысты

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер тегін маска үлестірді

Фото: polisia.kz

«BizBirgemiz» республикалық акциясына шымкенттік полицейлер де атсалысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы әкімдігі және Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «COVID-19» инфекциясының алдын алу мақсатында бірлескен іс-шараны қолға алды. Шахардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда полицейлер тегін маска үлестірді. Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25-26-27 қаулысына сәйкес қала аумағында карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына 2 мың дана тегін маска таратылды.