Доллар бағамы 486 теңгеге дейін төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 486,19 теңгені құрап, 0,8 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 23 маусымға белгіленген ресми доллар бағамы – 487,01 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 486,5 теңгені, ал сату бағамы 488,39 теңгені құрайды.
Астанада доллар орта есеппен 483 теңгеден сатып алынып, 490 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде америкалық валюта 486,77 теңгеден сатып алынып, 488,75 теңгеден сатылуда.