Үштөбеде аулада жүрген жасөспірім қыздың үстіне ағаш бұтағы құлап кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға қаланың 9-шағынауданында болған

Фото: Видеодан скрин

Үштөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жасөспірім қыздың басына ағаш бұтағы құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қыздың подъезден шыға берген сәтінде оған ағаштың қураған бұтағы құлағаны көрінеді. Соққы басына тиген. Оқиғаны көрген балалар бірден ересектерді көмекке шақырған.

Кейін зардап шеккен қызға медицина қызметкерлері қажетті көмек көрсетті. Жергілікті пабликтердің мәліметінше, оқиға қаланың 9-шағынауданында болған.

Үштөбе қаласының әкімдігі бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізілетінін хабарлады. Мамандар тұрғын үйді басқару ұйымының өкілдерімен бірлесіп аумақты қарап, ағаштарды кесу немесе бұтау қажеттілігі жөнінде шешім қабылдайды.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, аталған мекенжайдағы қураған ағаш бойынша бұған дейін ресми шағымдар түспеген.

Тегтер: