Ал бөлшек сауда көлемі 2026 жылдың алғашқы бес айында 9 трлн теңгені құрады
Қазақстанның ішкі сауда саласында 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша оң қарқынын сақтап, тұрақты дамуын жалғастырды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.
Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасып отыр. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.
«Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары мен Шымкент қаласы (5%) бар», – делінген Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.