Доллар бағамы 1 теңгеден астам төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 487,01 теңгені құрап, 1,17 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 22 маусымға белгілеген ресми бағамы – 488,37 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 487,11 теңге, ал сату бағамы 488,85 теңге болып тұр.
Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 484 теңгеден сатып алып, 491 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкент қаласында америкалық валюта орта есеппен 487,28 теңгеден сатып алынып, 489,3 теңгеден сатылуда.