Нұр-Сұлтанға коронавирус пен пневмонияға қарсы 2,5 млн дәрі-дәрмек жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

1-2 күннен кейін дәрі-дәрмек дәріхана желілеріне таратылады

Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанға COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруға қарсы 2,5 млн дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Оның ішінде 550 мың қорап парацетамол мен ибупрофен, 300 мыңнан астам антикоагулянттар қаптамасы – ксарелто мен аспирин бар. Сондай-ақ 1,4 млн бактерияға қарсы препараттар қаптамасы: азитромицин, цефтриаксон, левофлоксацин, велпенем; 30 мың вирусқа қарсы препараттар және басқалар бар. Шілденің ортасынан бастап қалаға 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Тексеруден кейін (1-2 күн) дәрі-дәрмек дәріхана желілеріне таратылады. Бұл жүк - гуманитарлық көмек емес», - деп жазылған хабарламада.

Әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алуға және тасымалдауға көмек көрсетіп, дәріхана желілерінің дистрибьютерларына айналым қаражатын бөледі. Қала ауруханалары мен емханаларында дәрі-дәрмек қоры бар, олар уақытылы толтырылып отырады.