Синоптиктер кей өңірлерде найзағай ойнап, екпінді жел тұратынын болжады
Қазақстанда 19 маусымда жазғы аптап ыстық сақталады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ екпінді жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Ақтөбеде күн аздап бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
Ақтауда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +31...+33°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +34...+36°C.
Қарағандыда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұруы мүмкін. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C.
Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C.
Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.