БҚО-да аудандық білім бөлімінің бухгалтері 9 млн теңге ұрлаған

Автор: Асыл Арман

Оған қатысты сот үкімі жарияланды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

БҚО-да Тасқала ауданы білім бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астам қаражат жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

«Соттың 06.05.2026 жылғы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.