«Шағымданбайды»: қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі ұлы туралы айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол ұлы одан әрі әскери қызметті жалғастыратынын айтты

Фото: academy-gp.kz

Мәжіліс кулуарында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Қазақстан әскерінде Отан алдындағы борышын атқарып жүрген ұлы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

БАҚ өкілдері вице-министрден өз баласының әскери қызметке қатысты көзқарасы туралы сұрады.

«Бір ұлым қазір шекара қызметінде борышын өтеп жүр», – деді ол.

Шенеунік ұлының әскери қызметке қатысты шағымы жоқ екенін және қызметін әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Шағымданбайды. Әскерден кейін келісімшарт бойынша қызметте қалмақ. Бұл – өзінің шешімі», – деді қорғаныс министрінің орынбасары.