Павлодарда блогердің сөмкесіндегі пауэрбенк жарылып, өзі оңбай күйіп қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға жаттығудан кейін, үйіне қайтар кезде болған

Фото: Видеодан скрин

Павлодар қаласында блогердің сөмкесіндегі пауэрбенк жарылып, өзі оңбай күйіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Криминальный Казахстан» мәліметінше, Диляра есімді бойжеткеннің айтуынша, оқиға жаттығудан кейін, үйіне қайтуға жиналып жатқан кезде болған. Видеоға назар аударсақ, сөмкесінен кенеттен қою түтін шыға бастаған. Бастапқыда бірден байқамаған. Сөмкесін шешпек болған сәтте жарылып кеткен.

Жалын қызды шарпып, оның қолы мен басы күйіп қалған. Спорт клубының қызметкерлері көмек көрсетуге тырысқанымен, өртті тек сыртқа шығарғаннан кейін ғана толықтай сөндіру мүмкін болған.

Зардап шеккен қыз бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның алған күйіктерін ауыр деп бағалап отыр.