Алаяқтар қарияларды алдап, ақшасын арнайы бақыланатын шотқа аударуға көндірген
Алматыда зейнеткерлерді алдап, 1,5 млрд теңгесін қағып алған интернет-алаяқтар тобы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкері ретінде таныстырып, қарияларға дүние-мүліктерін сатуға, ал ақшасын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.
«Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», – делінген прокуратураның хабарламсында.
Қылмыстық әрекеттің барлық мән-жәйін және басқа да қатысы бар адамдарды анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.