Каспий теңізінің үстінде 11 мың км биікте ұшып бара жатқан әйел ұшақтың есігін ашып жібермек болды

Автор: Асыл Арман

Оны бортсеріктер салонның герметикалығы бұзылмай тұрып тоқтатып үлгерген

Фото: istockphoto.com

Әуе рейсінің жолаушысы ұшақтың апатты есігін дәретханамен шатастырып, 11 мың метр биіктікте ашып жібермек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«База» мәліметінше, оқиға Ресейдің Мәскеу қаласынан Әзербайжанның Нахчыван қаласына бағыт алған Utair әуе компаниясының ұшағында болған. Каспий теңізінің үстімен ұшып бара жатқан кезде жолаушылардың бірі кенеттен ұшақтың қызметтік есігін ашуға әрекет жасаған. Сол сәтте борттағы дабыл жүйесі іске қосылып кеткен. Абырой болғанда бортсеріктер әйелді салонның герметикалығы бұзылмай тұрып тоқтатып үлгерген.

Кейін анықталғандай, әйел дәретхананы іздеп жүрген. Ол есіктерді шатастырып, байқамай «өзге есіктен» кіре жаздаған.

Алайда ұшақ межелі жерге бәрі бір жете алған жоқ, бірақ оның себебі басқа еді. Қолайсыз ауа райына байланысты Нахчыван әуежайы рейстерді қабылдамағандықтан, әуе кемесі Гянджа әуежайына қонуға мәжбүр болды.