Астанада жолаушылар автобусы аялдама жанында тұрған әжейді қағып кетті

Автор: Асыл Арман

Оқиға 13 маусым күні таңертең Сәтбаев көшесіндегі аялдама кешенінің маңында болды

Фото: Видеодан скрин

Астанада жолаушылар автобусы аялдама жанында тұрған зейнеткер әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 13 маусым күні таңертең Сәтбаев көшесіндегі аялдама кешенінің маңында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Астана қаласының полициясы жол-көлік оқиғасының болғанын растады.

«13 маусым күні Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сәтбаев көшесімен келе жатып, аялдама кешеніне кіреберісте жолдың жүру бөлігінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.