Үш жүзге жуық талапкер ҰБТ тапсыруға өтпейді: министрлік себептерін жариялады

Автор: Асқарова Қарлығаш

Министрліктің мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғалы бері ереже бұзудың 474 фактісі анықталған

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталғаннан бері бес аптадан астам уақыт өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігі аралық қорытындыларды жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, негізгі ҰБТ-ны талапкерлер шамамен 236 мың рет тапсырған. Тестілеуге қатысушылардың 72%-ы қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде тапсырса, 408 рет ағылшын тілінде тест тапсырған. 

«Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 ұпай. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Бұл көрсеткішке Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир қол жеткізді», – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері ереже бұзуға қатысты 474 факт анықталды. Оның ішінде 298 талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеген. Ал 176 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Сонымен қатар, басқа адамның орнына тест тапсыру фактілері тіркелмеген.

«Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты апелляцияны тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бере алады. Ал техникалық себептерге байланысты апелляциялар тестілеу барысында қабылданады. Апелляциялар қаралғаннан кейін нәтижелер көрсетілген сертификаттар жеке кабинеттерде қолжетімді болады», – деп еске салды министрлік.

Сондай-ақ ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі.

«Егер бейнежазбаларды тексеру барысында тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталса, тестілеу нәтижелері жойылады», – деп мәлімдеді