Құны – 1 млрд 800 млн теңге: Бұландыда орман алқабы мемлекетке қайтарылды

Автор: Асыл Арман

Орман алқабы тиісті мақсатына сай пайдаланылмай келгені анықталды

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында құны 1 млрд 800 млн теңге тұратын орман қорының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Бұланды ауданы прокуратурасы туристік кластердің дамуына кедергі келтіретін түйткілді мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты түрде талдап келеді.

«Тексеру нәтижесінде орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін мақсатты түрде – сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланбайтыны анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 1 млрд 800 млн теңге тұратын мемлекеттік орман қорының жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұл учаскелер кейіннен туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мақсатында қарастырылмақ», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.