Қазақстанның оқушылары Еуропалық физика олимпиадасына қатысып жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан бес оқушыдан үміт күтіп отыр

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұл күндері, яғни, 12-16 маусым аралығында Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы өтіп жатыр. Қазақстанның атынан бұл білім додасына бес оқушы қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, халықаралық зияткерлік жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам оқушы мен команда жетекшілері қатысып жатыр. Олимпиада теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Қатысушылар физика заңдарын терең меңгеру деңгейін, стандартты емес есептерді шешу, эксперименттік деректерді талдау және ғылыми мәселелерге тың шешімдер ұсыну қабілеттерін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы мүшелері:

  • Сейтқамит Арғын – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
  • Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Досхан Ернар – Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  • Жоламан Абылайхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

  • Бейсенов Бекмырза Ұласбекұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
  • Исмағұлов Темірлан Айдарұлы – халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

Айта кетейік, Еуропалық физика олимпиадасы мектеп оқушылары арасындағы физика пәні бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. 2025 жылы Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль және 1 құрмет грамотасын иеленген болатын.