Өңірде жедел-жәрдем шақырту да екі есеге азайған
Бүгін Сыр еліне сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов облыстық жедел-жәрдем станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы жедел-жәрдем жұмысын мобильді қызметін іске асырудың нәтижесінде шақыртулардың төмендегенін жеткізді
Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде жедел-жәрдем шақыртулары тәулігіне 2500-ден асып, жүктеме 2 есеге артқан. Дегенмен, қазіргі таңда ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны азайған.
«2020 жылдың маусым айындағы шақыртудың шарықтау шегімен салыстырғанда, 52,7 пайыз азаюы байқалады. Ал соңғы 2 аптада жалпы орындалған жалпы шақырыс саны 39 пайызға төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайлары 82,5 пайызға, пневмония жағдайлары 60 пайызға төмендеген», - делінген хабарламада.
Пневмония жағдайларымен шақыру көп кезінде науқастардың 85 пайызы стационарға жатқызылса, қазіргі таңда 45,3 пайызы тасымалданып, жатқызу көрсеткіші 79,3 пайызды құрап отыр. Яғни ауыр түрдегі науқастардың азайғаны байқалады.
Вице-премьер жедел-жәрдем станциясының оперативті іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі сall-орталықтың жұмыс процесін бақылады. Әрбір түскен қоңырауларға жауапты әр диспетчер күніне 150 қоңырау қабылдап келген.
Бүгінде вирус індеті басылған кезде шұғыл қоңыраулар азайған. Шақырыс көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел-жәрдем тобына 30-35 шақырту болған, қазір тәулігіне 16-18 шақырту, 4 санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақырту түседі.
Жедел-жәрдем қызметінің науқастарға уақытылы жетуін іске асыруда жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтар көмек бөруде. Бүгінгі күні облыс бойынша 161 мобильді бригадалар жұмысын жүргізуде.