Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады

Таяу күндері Қазақстанның бас қаласы мен мегаполистерінде ауа райы құбылмалы болады

Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

Таяу күндері Қазақстанның бас қаласы мен мегаполистерінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер елордада жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескертсе, оңтүстік өңірлерде аптап ыстық пен қысқа мерзімді жауын күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Елордада алдағы үш күн бойы құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктер тұрғындар мен қала қонақтарына қолшатыр алып жүруге кеңес береді. 14 маусымда күн бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C шамасында. 15 маусымда да өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал, желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура +16…+18°C, күндіз +27…+29°C болады. 16 маусымда жауын-шашын жалғасып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C болса, күндіз +29…+31°C-қа дейін көтеріледі.

Алматыда демалыс күндері ауа райы негізінен жылы болады. Алайда апта басында аптап ыстық күшейіп, кейін қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. 14 маусымда күн ашық болып, жауын-шашын жаумайды. Желдің екпіні күндіз 13 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C болады. 15 маусымда күн қатты ысиды. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C ыстық күтіледі. 16 маусымда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C шамасында болады.

Шымкентте алдағы күндері аптап ыстық сақталады. Кей күндері оңтүстік өңірге тән қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. 14 маусымда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с шамасында. Ауа температурасы түнде +18…+20°C болса, күндіз +34…+36°C-қа дейін көтеріледі. 15 маусымда күн бұлттанып, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Соған қарамастан аптап ыстық бәсеңдемейді. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C күтіледі. 16 маусымда да өзгермелі бұлтты ауа райы сақталып, өткінші жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C деңгейінде болады.