Асхат Аймағамбетов «AMANAT» пен «Әділет» партиясының бірігуі туралы пікірін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясының бір мүдде аясына топтасуы жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, президент саясатын қолдайтын және ұқсас идеологиялық ұстанымдарды бөлісетін партиялардың күш біріктіруі – заңды әрі түсінікті қадам.
«Екі партия да центристік бағытты ұстанады. Құндылықтары, көзқарастары, мақсат-мүдделері ортақ болғандықтан, олардың күштерін біріктіріп, бір тудың астында жұмыс істеуі логикалық тұрғыдан түсінікті», – деді депутат «AMANAT» партиясының XXVI съезінде.