Оралда ер адам экс-сүйіктісін боқтап, тапаншамен қорқытқан (ВИДЕО)

Оқиға 9 маусым күні Орал қаласындағы медициналық клиникалардың бірінде болған

Оралда ер адам экс-сүйіктісін боқтап, тапаншамен қорқытқан (ВИДЕО)

Орал қаласында ер адам экс-сүйіктісін боқтап, тапаншамен қорқытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 9 маусым күні болған. Полицияға Орал қаласындағы медициналық клиникалардың бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түсті.

Мекеме қызметкерінің айтуынша, жұмыс орнына бұрынғы сүйікиісі келген. Ер адам әңгімелесудің орнына жанжал шығарып, бейәдеп сөздер айтып, медициналық мекеменің келушілері мен қызметкерлерінің тыныштығын бұзған.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Тексеру барысында жанжал кезінде ер адамның қолында сырттай тапаншаға ұқсайтын зат болғаны да анықталды. Алайда жүргізілген тексеріс нәтижесінде бұл зат ойыншық екені және айналадағы адамдарға ешқандай қауіп төндірмегені анықталды», – делінген ПД хабарламасында.

Аталған азаматқа ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Іс материалдары сотта қаралып, нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Полиция ескертеді: кез келген жанжалды тек заң аясында шешу қажет, қоғамдық тәртіпті бұзуға және агрессиялық әрекеттерге жол бермеу керек», – деп жазады облыстық полиция.