Ер адам осы әдеті үшін қамауға алынды
Астанада саябақта отырған ер адам жыныс мүшесін шығарып, айналасында өтіп бара жатқандарды шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 102 арнасына қаладағы саябақтардың бірінде ер адамның жыныс мүшесін көрсеткені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, 40 жастағы тәртіп бұзушыны ұстады.
Медициналық тексеру нәтижесіне сәйкес, ер адам мас күйінде болған. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша оған әкімшілік жауапкершілік қолданылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
«Полиция осындай әрекеттер қоғамдық тәртіпті ауыр түрде бұзады және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Азаматтарды қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға және айналасындағыларды құрметтеуге шақырамыз», – делінген ПД хабарламасында.