Елдің бір бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік және шығыс өңірлерде қатты ыстық сақталады
12 маусымда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігінде, орталығында және батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +28...+30°C.
Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.
Атырауда күн соңына қарай аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.
Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +24...+26°C.
Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Қостанайда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +21...+23°C.
Қызылордада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.
Семейде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +31...+33°C.
Таразда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.
Түркістанда күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Өскеменде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.