Жамбыл облысында Changan көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға Шу ауданында болды

Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысының Шу ауданында Changan автокөлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Агенттік тілшісі Жамбыл облысының Полиция департаментіне сауал жолдап, ресми жауап алды.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, Шу ауданында Changan автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшырап, сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жатқызылды.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші көлікті басқара алмай, салдарынан автокөлік аударылып кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.