Шымкентте ұшаққа отырар сәтте 7,6 млн теңге ұрлап бара жатқан екі шетелдік ұсталды

Автор: Асыл Арман

Полиция қызметкерлері шетелдіктерді дереу қамауға алды

Фото: istockphoto.com

Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында жасалған аса ірі көлемдегі ақша ұрлығының қылмысын ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Otyrar басылымының мәліметінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, қолға түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Шымкент – Астана» бағыты бойынша ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортында күдіктілер жәбірленушінің аңғарымсыз сәтін пайдаланып, оған тиесілі 7,6 миллион теңгені қолды еткен.

Ұсталғандар кінәларын мойындап, тиісті түсініктеме берген. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды.

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталған шетел азаматтарының басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.