Қазақстан Ұлттық банкінің 10 маусымға арналған доллар бағамын белгіледі
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 488,59 теңгені құрап, 1,24 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 490,21 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 488,17 теңге, сату бағамы 490,15 теңге болып тұр.
Астанада доллар орта есеппен 485 теңгеден сатып алынып, 492 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде америкалық валюта орта есеппен 488,22 теңгеден сатып алынып, 490,26 теңгеден сатылып жатыр.