40 градус аптап ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болатынын болжап отыр
«Қазгидромет» РМК батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсер етеді. Соның салдарынан ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады, осыған байланысты мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғуы және бұршақ жаууы мүмкін.
«11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында, 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады», – делінген синоптиктердің болжамында.
Мамандар еліміздің қалған аумағында ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын болжады.