Сонымен қатар Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласында қатты жаңбыр жауатынын ескертті
24 шілдеде Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, оңтүстікте өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл. бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус сақталады. Қарағанды қаласында найзағай, дауыл күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында найзағай, дауыл күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 24-25 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 25 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлеріндеқатты жаңбыр күтіледі.Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақмола облысында күндізкей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Елордада 24 шілдеде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.