Демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өткен
Шымкент қаласында карантин кезінде жұмыс істеген демалыс орны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Полиция департаменті мен мобильді топ өкілдері өткізген жедел профилактикалық іс-шара барысында карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізген демалыс орнын анықтады. Нұртас мөлтек ауданы, Нұртас көшесінің бойында орналасқан «Ақ сарай» демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өтіп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша демалыс орнының иесінен түсініктеме алынған», - деп жазылған ақпаратта.
Демалыс орнының иесін әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.