Астанада көшеде кетіп бара жатқан қария есінен танып құлап қалды: оған полицей көмекке жетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Астанада полицейлер көшеде өзін жайсыз сезінген қарт кісіге шұғыл көмектесті

Фото: Видеодан скрин

Астанада көшеде кетіп бара жатқан қария есінен танып құлап қалды. Оған полицей көмекке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қызмет барысында патрульдік полиция полкінің инспекторы Әділбек Разақов пен жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Жалғас Әбітай көмек сұраған дауысты естіген. Өтіп бара жатқан әйел адамның айтуынша, қарт кісінің жағдайы күрт нашарлап, тепе-теңдігін жоғалтып, құлай бастаған.

«Полицейлер дереу оқиға орнына барып, қарияға алғашқы көмек көрсетті. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадасының кедергісіз жетуін қамтамасыз ету үшін тиісті ақпарат беріліп, олардың оқиға орнына уақытылы келуіне жағдай жасады. Қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.