Ол еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған
Қарағанды облысына прокурор лауазымына Мұрат Тілеубердиев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аға әділет кеңесшісі Мұрат Тілеубердиев мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен тағайындалды.
Ол еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.