Қарағанды облысында 45 гектар жерді өрт шарпыды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Өртті сөндіруге «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмылдырылды

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында 45 гектар аумақ өртенді. Оны сөндіруге «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Нұра ауданының Ахметауыл ауылы маңында ашық аумақта құрғақ шөп өртенген. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында құрылған өртке қарсы ерікті құрылымның мүшелері жетті. Олардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылы өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

Еріктілер мен ТЖМ құтқарушыларының бірлескен күшімен 45 гектар аумақты шарпыған толық сөндірілді.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін дамытуға бағытталған. Мұндай жағдайлар ерікті өртке қарсы құралымдардың ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін көрсетеді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.