Елдің басым бөлігінде күн ыстық әрі құрғақ болады
8 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін көтерілсе, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде +32...+34 градусқа дейін ысиды. Батыс өңірлерде және солтүстіктің жекелеген аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін,деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +22...+24°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіндейді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +23...+25°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Петропавлда күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.