Найзағай, бұршақ, дауыл: 6 маусымда елде ауа райы құбылмалы болады

Автор: Алмас Ерсін

Солтүстік пен батыста жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстікте ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі

Фото: istockphoto.com

6 маусым күні Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жауын-шашын түсіп, бұршақ жаууы және дауылды жел соғуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтеріледі. Орталық және шығыс өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +32...+34°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +25...+27°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы. Күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.

Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.

Қостанайда бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Петропавлда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +23...+25°C.

Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +31...+33°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +24...+26°C.

Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C.

Оралда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +20...+22°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +30...+32°C.