Доллар күн сайын қымбаттап барады: 5 маусымға арналған ресми бағам жарияланды

Автор: Асыл Арман

Доллар бір күнде 2,26 теңгеге қымбаттады

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 487,44 теңгені құрап, 2,26 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 5 маусымға белгіленген ресми доллар бағамы – 485,34 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 486,84 теңгені, ал сату бағамы 489,25 теңгені құрайды.

Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 484 теңгеден сатып алынып, 491 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 487,24 теңге болса, сату бағамы 489,33 теңгені құрайды.