Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Алматы қаласында күйзелісте жүрген әйел адам бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының Наурызбай ауданында түн ортасына таяу уақытта тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетіп, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Белгілі болғандай, қаза болған әйелдің осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, соңғы уақытта ол жеке өміріне байланысты ауыр эмоционалдық күйзеліс жағдайында болған.