Жарысқа 4 елден әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты
Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласындағы (Норвегия) Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары:
«Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр. Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды», – делінген хабарламада.