Қара уылдырықтың салмағы 5 келіден асады
Маңғыстау облысында полиция қара уылдырықты заңсыз сақтаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lada.kz мәліметінше, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қара уылдырықты заңсыз сақтады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады.
Жедел іс-шаралар барысында Мұнайлы ауданы аумағынан жалпы салмағы 5 келіден асатын қара уылдырық салынған ыдыстар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.