Астана әкімдігі жағдайға қатысты ресми хабарлама жариялады
Астана қаласда 9 маусым мен 9 шілде аралығында Астана-Қарағанды тасжолының Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, көліктер жолдың бір жағымен екі бағытта қатынайды. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Осы учаскеде кептелістердің алдын алу мақсатында балама бағыттармен қатынауға болады:
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.