Тоқаев Астанада Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Автор: Асыл Арман

Ту көтеру рәсімі елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өтті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өтті.

Ақорданың мәліметінше, Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы президентке рапорт берді.

Осыдан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.