Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, пәтер ішіндегі бүлдіршіндер саты арқылы құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Тұрғын үйдегі өрттен жалпы саны 6 адам құтқарылды

Фото: Видеодан скрин

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, пәтер ішінде қалған бүлдіршіндер саты арқылы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Алматы ауданында Қ. Мұңайтпасов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 20 шаршы метр болатын үй заттары мен жиһаздар өртенді.

«Кіреберістегі түтінге байланысты оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері құтқаруға кірісті. Құтқару маскасы мен үш буынды сатының көмегімен екінші қабаттағы пәтерлерден 6 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство мәліметінде.