Талдықорғанда серуендеуге шығып кеткен екі бала адасып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға Талдықорған қаласына жақын орналасқан «Ұйтас» саяжай аумағында болды

Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысында саяжай аумағында серуендеуге шығып кеткен екі бала адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Талдықорған қаласына жақын орналасқан «Ұйтас» саяжай аумағында болды. ТЖМ құтқарушылары серуендеуге шығып, адасып кеткен екі баланы іздестірді.

Балалардың бірі құтқарушылармен байланысқа шығып, адасып кеткендерін, шөлдеп жүргендерін және кері қайтар жолды таба алмай жатқанын хабарлады.

«Іздестіру-құтқару жұмысы барысында балалар табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. ТЖМ ата-аналарға балаларымен үнемі байланыста болып, серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажеттігін еске салады», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.