Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен найзағай болатынын болжады

Фото: istockphoto.com

3 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде де 29–35 градусқа дейін ыстық сақталады. Батыс аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астана қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.

Алматы қаласында ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.

Шымкент қаласында ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +34…+36°C.

Ақтау қаласында ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.

Ақтөбе қаласында бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +16…+18°C.

Атырау қаласында бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.

Жезқазған қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.

Қарағанды қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.

Көкшетау қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Қонаев қаласында ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Қостанай қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Қызылорда қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.

Петропавл қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.

Семей қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Талдықорған қаласында ауыспалы бұлтты, күн соңында аздаған жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.

Тараз қаласында ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.

Түркістан қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Орал қаласында бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C.

Өскемен қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.